$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жаңақорғанда бірінші сынып оқушылары үш аусымда оқып келген

AstanaTV
29.08.2018ж. 20:00
4309
Жаңақорғанда бірінші сынып оқушылары үш аусымда оқып келген

Қызылорда облысында үш ауысымдық мектептер мәселесі әлі шешілмей тұр. Жаңақорған кентінде  мың жарымға жуық оқушы биыл да соғыс жылдары салынған мектепке барады. Аудан орталығындағы ата-аналар балаларының қауіпсіздігі үшін алаңдайды. Ескі мектепте қажетті кабинеттер де жеткіліксіз. Кейбір сыныптар тіпті, үш ауысымда оқуға мәжбүр. Ал жергілікті биліктің  жаңа білім ордасын салу туралы жоспары созылып кеткен сияқты. Әріптесім Шарипа Сақтапова Жаңақорғанға арнайы барып "тарихи" мектепті аралап  көрді. 

Жаңақорғандағы сексен жыл бойы қалтиып тұрған білім ордасы осы. Аудандағы 42 мектептің ең көнесі. Мұғалімдердің айтуынша 59-жылы мектеп су астында қалып,  іргетасы зақымданған. Содан бері, қанша сылап-сырласа да қабырғасын тұз жеп қоя береді. Едендері шұрық-тесік, жиһаздары да "жәдігерге" айналған. Сорақысы 340 орынға арналған мектепте 1300 бала оқып келген.

Машраб Кошкаров Жаңақорған кенті № 169 орта мектеп директорының міндетін атқарушы:

Енді келіп оқимын деген, осы мектепке ынтық ата-ана көп. Бірақ, өкінішке орай, бізде ғимаратымыз мынау, класс сыныбы аз, жетіспейді.

Балдар сыйдыра алмаймыз. Балдар толып отырады ішінде. Еңді ол 25 баланың орнына 40 бала дегенің ол қиын нәрсе. Білім жағынан кішкене ақсайтынымыз да сол. Материалдық жағдай жасалмаған жерде, білім сапасы туралы айтудың өзі қиындау. Айнұр Мархабаеванын ұлы өткен жылы бірінші сыныпқа барған. Олар үш ауысымда оқыпты. Ал, баланың қабілетін жан-жақты дамытуға жағдай мүлдем жоқ. Ата-аналар бір күні, мектептің төбесі ортасына түседі деп алаңдайды.

Айнұр Мархабаева:

Класс жетіспейді, үш аусыммен оқиды. Физзал жоқ, спортзал жоқ, актовый зол тоже жоқ. Мероприятие, бір нәрсе болатын болса Дом культуры сол жақта өткіземіз оқушылар. Ескі болған соң, мысалы, құлап кетуіде мүмкін.

Шенеуніктер білім ошағы 4 жыл бұрын апатты деп танылғанын жеткізді. Жаңақорғанда жаңа мектеп салуды әлі жоспарлап жүр. Қағаз жүзінде бәрі шешіліп те қойған.  Мейірхан Оспанов  Жаңақорған аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары:

Апаттық деген жағдайдағы қорытындысы ол 2014 жылдары алынған. Одан кейін ол мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жұргізілген 2014 жылдары. Аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, 169 мектебіне жаңа ғимарат салуға жоба-сметалық құжаттар жасалып, қаржы бөлінген. Жоба-сметалық құжаттар қазіргі кезде дайындалып, жасалып. Бір жарым миллиард көлемінде жобаның сомасы. Бірақ қазіргі кезде мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

Жаңа мектеп құрылысы қашан басталады? Бұл сауалға спикер нақты жауап бере алмады. Бірінші қыркүйекте аудандағы169 білім ошағының табылдырығын 1215 оқушы аттайды деп күтіледі. 

Шарипа САҚТАПОВА