Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Вакцинациядан бас тартқандарға айыппұл салынуы мүмкін

AstanaTV
07.09.2018ж. 20:00
2781
Вакцинациядан бас тартқандарға айыппұл салынуы мүмкін

Денсаулық сақтау министрлігі қатаң шаралар қабылдауға мәжбүр. Бұдан былай вакцинациядан бас тартқандарға айыппұл салынады. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осылай деп мәлімдеді. Айтуынша, екпе алмағандардың көбі инфекциялық ауруларға жиі шалдығады. Олар өзгелерге де қауіпті. Сондықтан тұрғындар тегін салынатын вакцина мен скринингтен өтуді саналы түрде пайдалану керек. Әзірге дәстүрлі медицинаға қарсы шығатындар қанша айыппұл арқалайтыны белгісіз. Міндеттеу шарасы қазір әзірленіп жатқан «Денсаулық сақтау кодексі» жобасына енгізілген.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Мен бүгін айтып кеттім. Оның себебі көп жағдайда инфекциялық аурулар. Ол вакцинациядан бас тартудың салдары. Қай вакцинация, мысалы, мемлекет тарапынан мемлекеттік жауапкершілік. Қай вакцинация адамның өздерінің жауапкершілігі болуы қажет. Меккеге бара жатыр, шетелге бара жатыр. Адамдар сол, мүмкін, инфекциялардан өздеріне вакцинация өту қажет.

Скринингке қатысты да осы шара қабылдануы ықтимал. Елде тегін скринингті әйелдер 30-дан 70 жасқа дейін, ер адамдар 40-тан 70 жасқа дейін міндетті түрде өтуі қажет.  Ол кез келген дертті асқындырмай, ерте сатыда анықтауға көмектеседі. Ал жаңа "Денсаулық сақтау кодексі" желтоқсанда Үкіметте қаралып, келесі жылы күшіне енуі тиіс.