$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Дәрігерлер айлықтың аздығынан түнгі ауысымдарда, бірнеше жұмысты қатар алуға мәжбүр

AstanaTV
04.09.2018ж. 20:00
2810
Дәрігерлер айлықтың аздығынан түнгі ауысымдарда, бірнеше жұмысты қатар алуға мәжбүр

Лайықты айлық үшін өңірлердегі дәрігерлер түнгі ауысымда бірнеше жұмысты қатар атқаруға мәжбүр. Өскемендік ақ халаттылар министрдің сөзін растайды. Қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Елена Куликова жалақыны көтеру қызметкердің жүгін жеңілдетуге көмектесер еді дейді.

Елена Куликова, Өскемен қаласы медициналық  орталығының  директорының орынбасары:

Біздің дәрігерлер еңбек өтілісіз, категориясыз 56 мың теңге алады.
  Өкінішке орай, бұндай жалақы осы мамандыққа деген құлшынысты жояды. Ауруханалар салалық мамандар тапшы, себебі дәрігер институтты бітірген соң, резидентурада оқиды. Одан кейін, машықтанудан өту керек. Кәсіби маман болу  үшін 10-12 жылын кетіреді.