Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Маңғыстау облысында саяхатшылар табыннан адасқан ботаны құтқарып қалды

AstanaTV
05.09.2018ж. 20:00
2155
Маңғыстау облысында саяхатшылар табыннан адасқан ботаны құтқарып қалды

Маңғыстау облысында саяхатшылар табыннан адасқан ботаны құтқарып қалды. Шөл далада қалып қойған оны квадракоптермен Шпак мұнарасын түсіріп жүргендер байқаған. Вячеслав Никишиннің айтуынша, экспедиция мүшелерінің бірі камераны биікке көтерген кезде оператор түйелердің табынын көрген. Бұл мезгілде бота мүлдем басқа бағытты бетке алып бара жатыпты.

Табыннан адасып қалған ботаны қатарына қосу үшін оператор квадракоптерді оның үстінен айналдыра жүргізіп отырған. Осылайша, бірнеше сағаттың ішінде саяхатшылар ойсыл қара төлін табынға қайта  қосқан.