Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елімізде жаңа туған 80 мың сәбидің атында тұрғын үй депозиті бар

AstanaTV
06.09.2018ж. 20:00
6174
Елімізде жаңа туған 80 мың сәбидің атында тұрғын үй депозиті бар

Елімізде жаңа туған 80 мың сәбидің атында тұрғын үй депозиті бар. Иә, оларды ер жеткенде баспана үшін бас қатырмайтын жандардың қатарына қосуға болатын шығар. Бүгінде елде ұл-қызының болашағына деп тұрғын үй депозиттерін ашу қарқын алған. Былтыр тап осындай 133 мың есеп-шот болса, биыл ол 145 мыңға жеткен. Ришат Асқарбекұлы осындай  ата-аналардың бірімен тілдесіп көрді. 

Маржан - екі баланың анасы. Ол бүгін банкке балаларының атына ашылған депозитті толықтыруға келді. Отбасының табысына қарай ай сайын 30 мың теңгені ұл-қызының болашағы үшін тұрғын үй депозитіне салуды әдетке айналдырыпты. Үлкен сомма болмаса да, осының өзі келешекке деген сенімді еселейді, дейді жас ана.

Маржан Қанатова, Алматы қаласының тұрғыны:

Негізі екі баламыз бар. Қызымыз үш жаста. Алғашқыда қызға аштық. Енді кішкентайымызға да ашып отырмыз. Бөліп салып отырамыз. Енді болашаққа деген үміт қой. Кішкене болса да, проценттерімен жинала береді. Квартира алады дегендей болашаққа ұмтылыс. 

Қазақстанда Маржан сияқты мыңдаған ата-ана балардың атынан жинақ ашып, қаржы жинауға кіріскен. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде алғашқы балалар депозиті 2005 жылы тіркеліпті. Содан бері қаржы инситутында 145 мың ата-ана баспанаға арналған балалар есепшотын ашқан. Жыл басынан  бері 12 мың жаңа жинақтау шоттары тіркеліпті.

Ләззат Ибрагимова, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» басқарма төрайымы:

Мен біздің банкке келіп депозит жинап жүрген бір отбасын білемін. Олар осы күнге дейін 6 жасар баланың атына 10 млн теңге жинақтап үлгерген. Меніңше, бұл жақсы үрдіс әрі үлгі. Отбасында бала мектеп бітірген кезде, оның жеке баспанасы да болады деген сөз. 

Мұндай жинақтар негізінен 1 жас пен 10 жас арасындағы балалардың атына  ашылған. Банкте осы категория бойынша 80 мың депозит тіркеліпті. Ал одан кейін 10 мен 18 жас аралығындағы балалар. Олардың атынан 55 мың депозит ашылып, қаржы жианалып жатыр. Ал үшінші орында 1 жасқа дейінгі сәбилер атына 10 мың жинақ есепшоты ашылған.

Ришат Асқарбекұлы, тілші:

Жылда балалар депозитін ашу белсенділігі осы кезеңге тап келеді, дейді банк қызметкерлері. Жаңа оқу жылы басталғанда  банкке келіп, арнайы есеп-шот ашу - баланың болшағын үшін жасалған тағы бір қадам болмақ. Балаға арнап баспана депозитін ашу жағынан  Алматы, Астана және Шығыс Қазақстан облыстары көш басында тұр.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ