Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Еуразиялық даму банкі рубльді ЕАЭО аясында ортақ валюта ретінде енгізуді ұсынады

AstanaTV
06.09.2018ж. 20:00
2405
Еуразиялық даму банкі рубльді ЕАЭО аясында ортақ валюта ретінде енгізуді ұсынады

Рубль Еуразиялық экономикалық одақтың аясында  ортақ валюта ретінде қолданысқа енуі керек.  Еуразиялық даму банкі басшылығы  осылай деп ұсыныс айтты. Банктің басқарма төрағасы Андрей Бельянинов «Астана» телеарнасына осылай деп пікір білдірді. Сарапшы рубльге қатысты таңдауын дайын жүйемен түсіндіреді. Бельяниновтің пайымынша, бәрі барда "Америка ашудың"  қажеті жоқ. Ал одақтың  қаржылай есептесу жүйесін орталықтандыру үшін, өзі басқаратын банкті пайдалануды ұсынады.

Андрей Бельянинов, Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы:

Бұл тиімді болады. Себебі бұлай болмаған жағдайда, бізге Қазақстан аумағында ішкі экономикада белсенді жұмыс жасайтын компаниялар жүгінбес еді. Доллар мен еуроны қаламаймыз. Теңге валютасын беріңіз, бұл біз үшін тыныш. -А рубль ше? -Рубльді де аламыз.