$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда халықаралық жазушылар форумы басталды

AstanaTV
10.09.2018ж. 20:00
3665
Алматыда халықаралық жазушылар форумы басталды

Алматыда жазушылар арасында тұңғыш халықаралық форум өз жұмысын бастады. Қаламгерлер жиынына әлемнің 16 мемлекетінен танымал жазушылар келген. Қаламгерлер алдында тұрған маңызды мәселерді талқылауға Қазақстан жағынан Әбдіжәміл Нұрпейісов, Олжас Сүлейменов, Дулат Исабеков, Ұлықбек Есдәулет және Мұхтар Шаханов сияқты классиктер үн қатты. Қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын өзге тілдерге аударған Атанас Ванчев, Януш Вишневский, Алексей Цветков пен АҚШ-та тұратын әдебиет аудармашысы Бахыт Кенжеевтер форумға қонақ ретінде шақыртылған. Халықаралық шараға Қазақстан ПЕН-клубы мен қала әкімдігі ұйытқы болған. 

Бигелді Ғабдуллин, Қазақ ПЕН-клубының президенті:

Біздің әдебиетті халықаралық дәрежеде таныту жеткіліксіз болып жатыр. Сондықтан алғаш рет біз ең мықты әдебиет аудармашыларын осында шақырып отырмыз. Бізге олар дәл қазір керек. Ғаламдасу процесі күтіп тұрмайды, біз оған әдебиетпен де кіруіміз қажет. 

Атанас Ванчев де Траси, француз жазушысы, аудармашы:

Мен Қазақстан жазушыларымен ертеден таныспын. Менің осы күнге дейін аударған жұмыстарымның арасында Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 600 беттен тұратын романы бар. Оған мен үш жылымды арнадым. Француз жазушылар академиясы кермет шығарма деген баға берді, ал мені сапалы аударма үшін марапаттады.