Ал Түркістан облысында білім басқармасы қызметкерлері 6 млн теңге пара алып жатқан жерінде ұсаталды. Сұғанақ педагогтар "Әдістемелік орталықта" жұмыс істеген.
Жұпар Мамытова, Шымкент қаласы бойынша МКД экономикалық тергеу қызметінің аға тергеушісі:
Азаматша Себепова, Тұтқышбаев және Кущенко экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне 6 млн теңгені пара ретінде, бұдан алдын мемлекеттен бөлінген ақшаны ысырап еткендері үшін қозғалған қылмыстық іс бойынша оңды шешім қабылдау үшін, пара ретінде берген болатын.
Экономикалық
тергеу қызметінің дерегінше, қамалғандардың бірі - орталықтың басшысы. Тағы бірі
бөлімді басқарса, үшіншісі - бас есепші. Тергеушінің айтуынша, сыбайластар білім
беру саласындағы мәдени-көпшілік іс-шараларға бөлінген қаражатты ысырап еткен.
Мемлекет қаржысын талан-тараж қылған қос басшыға «күзетпен ұстау» бұлтартпау
шарасы қолданылған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.