Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Павлодарда саябақты құтқару үшін жасанды көл салынады

AstanaTV
11.09.2018ж. 20:00
3102
Павлодарда саябақты құтқару үшін жасанды көл салынады

Павлодар әкімдігі «Ворушин» саябағында жасанды көл салуды жоспарлап отыр. Жобаға 200 млн теңге қажет. Алайда қаржы көзі белгісіз. Кеше арнамызда шыққан репортажға қатысты қала әкімінің орынбасары Андрей Балашов жауап берді.

Андрей Балашов, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары:

Суағарлар болады. Яғни саябақтағы барлық су осы жасанды суатқа жиналмақ. Оның бір бөлігі, яғни артығы, кәрізге ақса, қалғаны жасыл желектерді суаратын су ретінде қайта пайдаланылады. Сөйтіп, біз жасанды өзеннің суын екінші рет пайдаға жаратуға мүмкіндік аламыз.

Еске салайық, қаладағы көпшілік тынығатын саябақта ағаштар жаппай оталып жатыр және бақ ми батпаққа айналған. Өйткені онда суағар  жыраны көміп тастаған. Содан саябақта био тепе-теңдік  бұзылғаны туралы айтқанбыз. Мәселеге жергілікті тұрғындар мен табиғат жанашырлары наразылық білдірген.