Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Құрамында валсартаны бар "Вазар" препаратының 1 миллионнан астамы кері қайтарылды

AstanaTV
12.09.2018ж. 20:00
1890
Құрамында валсартаны бар "Вазар" препаратының 1 миллионнан астамы кері қайтарылды

Құрамында валсартаны бар "Вазар" препаратының 1 миллионнан астамы кері қайтарылды. Бұл туралы Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова брифингте айтты. Бұған дейін қан қысымы ауруының алдын алу үшін берілген дәрінің құрамынан қауіпті зат табылған болатын. Қазақстанда оның 3 миллион түйірі таратылған. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ол препаратқа шағымданған науқастар болмағанын мәлімдеді.

Людмила Бюрабекова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің төрайымы:

Препарат нарықтан түгел алынып, зат құрамында субстанциясы жоқ басқа дәріге ауыстырылды. Өндірушінің өзі кері алдыртқан препараттың барлығы дерлік қайтарылды. Ол 1 миллионнан астам қаптама. Дәріханаға түбіртегін көрсеткен науқастарға препаратқа жұмсаған қаражаттары қайтарылды. 

Министрдің айтуынша, дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің бағасын реттейтін заң жыл соңына дейін енгізіледі. Ол кезде әрбір препараттың шекті бағасы көрсетілмек. Сондай-ақ брифингте есептен шығарылған тегін дәрілер жекеменшік дәріханаларда сатылғаны белгілі болды.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Қаңтар айында түскен шағымға байланысты тексеріс жүргізгенде, дәріхана сөрелерінде есептен шығарылған препараттардың әлі де сатылып жатқаны мәлім болды. Тіпті ол мемлекеттік атқарушы органдармен тендерге тартылған жекеменшік дәріханаларда сатылған. Бұл еліміздің бір облысынан басқа барлық өңірлерінде кездесіп отыр. Істі Бас прокуратураға тапсырдық.