$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Парижде көлікпен жүруге тыйым салынды

AstanaTV
17.09.2018ж. 20:00
2680
Парижде көлікпен жүруге тыйым салынды

Парижде көлікпен жүруге тыйым салынды. «Автокөліксіз күн» акциясы Франция астанасында 2014 жылдан бері өтеді. Бұл күні тек полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем көліктері, такси және туристік автобустар жолға шықты. Алайда оларға сағатына 20-30 шақырым жылдамдықпен ғана жүруге рұқсат етілген - деп жазады Рейтерс агенттігі. Бұл Париж ауасын автокөлік түтінінен арылтып, ластауды азайту үшін ұйымдастырылады. Алайда, жұртшылық бастаманы қолдамаған. Париж тұрғындары «жұмыс пен үйге, діттеген жерімізге жету қиын» деп шағымданды. Ал, жергілікті билік өкілдері керісінше, «Көліксіз күн» акциясын ай сайын өткізуді жоспарлап отыр.