Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Теңгені рубльге телуді қою керек - А.Жамалов

AstanaTV
19.09.2018ж. 20:00
2583
Теңгені рубльге телуді қою керек - А.Жамалов

Рубльге байланған теңге бизнестің дамуына кедергі. Ресейден келетін импорт жылдан жылға азайып барады. Сондықтан теңгені көрші елдің валютасына тели беруге болмайды. Депутат Аманжан Жамалов Үкіметке осылай деп сауал жолдады. Айтуынша, елде тұтынушылық қоржынға кіретін бір жылдық тауар айналымы 78 млрд теңгені құрайды. Оның 16 млрд-ы, яғни 20 пайызы ғана Ресейге тиесілі. 2013 жылы Ресейден келетін импорт 18 млрд-ты құраса, былтыр ол 11 млрд-қа дейін азайды. Одақ аясында көрші елмен тауар бағасының айырмашылығы артып, шекарадан  өтетін арзан тауардың жолын кесу үшін қазір теңге бағамы рубльге байланған. Депутат одан да отандық өндірісті қолдауды ұсынды. 

Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Біріншіден, азық-түлік қоржынын шығаратын өндірушілерге қолжетімді несие берілуі керек. Ресейде ол аграрияға 5 пайызбен, басқасына 6,5 пайызбен беріледі. Екіншіден, осы санаттағы өндірушілерге салықты азайту. Үшінші, Үкімет импортты алмастыратын тауар түрлері бойынша ақпарттық қолдау жұмыстарын жүргізу керек.

Қазақстан жылына 4 трлн теңгенің тауарын тұтынады, оның 45 пайызы импорт. Бұл, доллар қит етсе, қымбаттайды деген сөз. Ал тұтыну нарығында әзірге өндіріске бәсеке жоқ.

Дюсекина М.