$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылжардағы жылу магистральдерінің жаңғыртылуын Еуропалық қайта құру және даму банкі қаржыландырмайтын болды

AstanaTV
19.09.2018ж. 20:00
2726
Қызылжардағы жылу магистральдерінің жаңғыртылуын Еуропалық қайта құру және даму банкі қаржыландырмайтын болды

Еуропалық қайта құру және даму банкі Қызылжардағы жылу жүйелерін жаңғыртуды биыл қаржыландырмайтын болды. Бұл жайында біздің арна тілшілеріне жергілікті билік өкілдері хабарлады. Бірақ мұның АҚШ валютасының құбылуына еш қатысы жоқ деп отыр. Бүгінде шаһардағы жылу жүйелерінің 72 пайызы ескірген. Құбырлардың тозуын 65 пайызға дейін түсіру үшін "Севказэнерго" компаниясы Еуропалық қайта құру және даму банкімен 5 жылдық инвестициялық келісімге қол қойған. Монополистер осы уақыт аралығында 234 шақырымға созылған жылу жүйелерінің 25 шақырымын ауыстыруды жоспарлап отыр. Жоба құны 9 миллиард теңгеге тең.

Әділбек Әубәкіров, СҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

Биыл 7, 15, 18 жылу магистральдарын жөндеу жоспарланған болатын. Бірақ, банк бюджеті оны әзірге көтере алмағандықтан, жаңғырту жұмыстары келесі жылға қалды. Бұл қаражатқа келісімшарт жасалған. Сондықтан ол міндетті түрде бөлінетін болады. Банк өкілдері қаржының биыл бөлінбейтінін бірнеше ай бұрын хабарлаған. Демек, бұл жағдайдың валюта бағамының ауытқуына еш қатысы жоқ.

Қаржының тең жартысы ел қазынасынан бөлінсе, қалғанын жауапты мекеме несие ретінде рәсімдемек. Бүгінде қаражаттың басым бөлігін теріскейлік компания игергенін айтты. Ал биыл 3 ірі жылу магистралін жөндеуді жоспарлапты. Бұл мақсатқа қажет болған 1 миллиард 400 мың теңгені Еуропаның қаржылық институты биыл бөлуі тиіс еді.

Құрманкин А.