Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жаңаөзендегі 9 адам қаза болған апатқа кінәлі деп танылған теміржол қызметкері 5 жылға жаза арқалады

AstanaTV
21.09.2018ж. 20:00
2426
Жаңаөзендегі 9 адам қаза болған апатқа кінәлі деп танылған теміржол қызметкері 5 жылға жаза арқалады

Жаңаөзендегі аты шулы жол апатына айыпты теміржол қызметкері 5 жылға сотталды. Алайда жәбірленушілер сот үкіменен келіспейді. Олар 9 адамның өмірін қиған адам үшін бұл жеңіл жаза деп отыр.

Сот үкімін тандауға жәбірленушілер тайлы-тұяғы қалмай келіпті. Бірі жарынан айрылғанын айтса, енді бірі өмір бойына мүгедек болған балаларының болашағына алаңдаулы. Дегенмен сот сол күні теміржол өткелінде кезекші болған Есентемір Танауовты кінәлі деп тауып, жаза кесті.

Махамбет Сұлтанов, Жаңаөзен қалалық сотының судьясы:

5 жыл берілді. Түпкілікті жазасын қылмыстық атқару жүйсенің барынша төмендету мекемесінде белгіленді.

Дегенмен, соттың шешіміне жиналғандардың көңілі толмайды.   

Мұндай іске қалай 5-ақ жыл беруге болады? Қаншама адам жақындарынан айырылды, бірнеше азамат мүгедек болды. Біз соттың үкіміне шағым түсіреміз.

Апат кезінде қос аяғынан айырылған 11 жастағы Динара қазір мүгедектер арбасына танылған. Жеткіншектің анасы протез орнату керектігін айтады. 

Галия Еңсегенова:

Шетелде 1 протез 17 миллион тенге, жолын есептемегенде, тамағын, жатытын орнын қоспағанда деп отыр. Балама "Қазақстан темір жолдары" өмір бойы көмектесуін сұраймын.

Оқыс оқиға былтырғы жылдың қараша айында Маңғыстау облысының Теңге ауылында болған еді. Теміржол өткелінде шлагбаум ашық тұрғандықтан, тепловоз бен жолаушыларды тасыған Газель көлігі соқтығысып, 9 адам бақилық болды. Тағы 27 азамат түрлі дене жарақаттармен ауруханаға түсті. 

Сәндібек Жаңабаев:

Сен қайтқан келіншектің жолдасымен. КТЖ-да, машинсит те, шофер да кінәлі. Сотқа келіспеймін. Суд экспертизаға да келіспеймін. Себебі ішіндегі балаң жоқ деп экспертиза жасап берген. 3-4 ай емес, 7-9 айлық босанайын деп тұрған адам.

Зардап шеккен тарап апелляцияға арызданбақ. Жапа шеккен 10 азаматқа 37 миллион теңге өтемақы төленеді. Оны "Қазақстан темір жолы" өтейді.