Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"Қазақстанның сакралды географиясына" енетін шыңдар көбеюі мүмкін

AstanaTV
21.09.2018ж. 20:00
4788
"Қазақстанның сакралды географиясына" енетін шыңдар көбеюі мүмкін

«Қазақстанның сакралды географиясына» таулы аймақтардан аңызға айналған «Хан Тәңірі» мен Алтайдағы Мұзтау шыңы енген. Алайда, киелі мекен тізіміне қосылуы керек биік шыңдар елде әлі де көп. Бір ай бойы Қазақстандағы 5 таулы аймақты, 20 шыңды бағындырған эскпедициялық топ мүшелері осылай дейді. Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған сапарға 100-ден аса альпинист қатысқан. Олар Іле, Жоңғар Алатауы мен Алтай және Өгем жоталарына саяхат жасаған. Жоба таулы аймақтарды зерттеп, инфрақұрылымды дамытуға бағытталды. Енді шетелден келетін туристер үшін осы нысандардан жаңа саяхат бағдарлары ашылмақ.

Даниель Сержанұлы, «KAZAKH TOURISM» ҰК менеджері:

Экспедицияның қорытындысы, нәтижесі ретінде біз тек қана туристік бағдарлар емес, сонымен қоса сол таулы аймақтарды ілгерілетуге бағытталған тау шыңдарының 3000-нан аса фотосуретін және 3 сағаттан асатын видеосын, тағы әртүрлі материалдар жинап, дайындап қойдық.