Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"Нұр Отан" партиясы ауыл оқушыларына ағылшын тілін тегін оқытпақ

AstanaTV
21.09.2018ж. 20:00
2878
"Нұр Отан" партиясы ауыл оқушыларына ағылшын тілін тегін оқытпақ

"Нұр Отан" партиясы ауыл оқушыларына ағылшын тілін тегін оқытпақ. Оны "Жас Отан" жастар қанаты жүзеге асыратын болады. Пилоттық жоба екі ай мерзімде елдің 14 облысын қамтиды. Мақсаты - аймақтардағы ағылшын тілінің деңгейін арттыру, сондай-ақ тілді меңгеруді қолжетімді ету. Жасотандықтар 84 ауылдық және 7 мың өңірлік мектеп оқушысын үйретпек.

Данияр Сүндетбаев, "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы:

Елбасы ағылшын тілін жан-жақты үйрену әлемдік деңгейде үрдіс екенін атап өтті. Біз және "Bolashaq" қауымдастығы жоғары білімді, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеуде үлес қосуды мақсат тұтамыз. Сондықтан "Жастар - Отанға" жастар саяси лагері аясында біз "English for Jastar" жобасын іске қостық.

Жоба аясында 28 шетелдік және 140 астам жергілікті маман тәлім беретін болады. Олардың ішінде Олимпиада чемпионы, Мәжіліс депутаты Серік Сәпиев 9-дан 11-ші сынып арасындағы оқушыларға ағылшын тілін қосымша түрде үйретуге атсалысатын болады.