Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Биыл теңге девальвацияға ұшырамайды

AstanaTV
21.01.2014ж. 20:00
1236
Биыл теңге девальвацияға ұшырамайды

Биыл теңге девальвацияға ұшырамайды. Бүгін Алматыда өткен баспасөз жиынында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов осылай деп сендірді. Бас банкирдің айтуынша, ұлттық валютаның айырбастау бағамы қалыпты деңгейде тұрмақ. Сондай-ақ, Ұлттық банк теңгенің ахуалын бақылауына алып, тұрақты сараптамалар жүргізбек. Оның айтуынша, мұнай бағасы да қазір қарқын алып келеді. Бір баррельдің құны 100 АҚШ долларына тең.


Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:


Жалпы валюта нарығындағы жағдай тұрақты. Ұлттық валютаға әсер ететіндей ешқандай жайт жоқ. Ұлттық банк теңгенің курсы ауытқымауы үшін өзінің саясатын жүргізе бермек. Теңгенің курсы жалпы макроэкономиялық жағдайларға байланысты түзіледі. Қазіргі кезде Ұлттық банктің кордағы активтері де өсіп жатыр.


Қайрат Келімбетовтың айтуынша, ел экономикасының дамуында қаржы секторы едәуір роль атқарады. Сондай-ақ оның пайымынша, елдегі банктер қаржы тапшылығынан құтылған. «Оған мемлекеттің екінші деңгейлі банктерді қаржыландыруын тоқтатып, акцияларын сатқандығы дәлел», - дейді. Бас банкирдің айтуынша, қазір бір топ инвесторлар "Альянс банктің" акцияларын сатып алу үшін, әрі "Темір банкпен" бірігуі жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Сонымен қоса, "Казкоммерцбанк" пен "БТА банкті" біріктіру мәселесі де мерзімін белгілеуді ғана қажет етіп отырған мәселе деген ойда.


Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:


"БТА банкін" сатып алатын инвесторлар белгілі. Ол инвесторлардың тобы Кеңес Ракишев пен "Казкоммерцбанктің" құрамына кіреді. Олар "БТА банкінің" акционері атанғаннан кейін, екі банкті біріктіруді көздейтін шығар.


Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ