$498.55 €524.28 ₽4.75
×

«Бес институционалдық реформа - Қазақстанның болашағы», - дейді зиялы қауым өкілдері

AstanaTV
30.04.2015ж. 10:00
1402
«Бес институционалдық реформа - Қазақстанның болашағы», - дейді зиялы қауым өкілдері

Бес институционалдық реформа - Қазақстанның болашағы. Бұл еліміздегі зиялы қауым өкілдерінің пікірі. Әсіресе мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістердің мәні ерекше,- дейді олар. Азаматтардың мемлекеттік органдардағы кәсіптік қызметте сатылап өсуі ашық, әділ және демократиялық жолмен шешілуі қажет. Елбасының алдағы бес жылға арналған кешенді жоспарының тағы бір бағыты - экономиканы жоғары сатыға көтеру.

Мұрат Жұрынов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті:

Елбасының  ант беруі, сосын өзінің алдағы бесжылдықтағы қызметі туралы айтқаны мені өте толқытты. Экономика жағынан Қазақстанда онсызда қазір жақсы көрсеткіштер бар. Қазақстан кіндік Азияда-лидер. Кіндік Азияның бес мемлекетінің Қазақстаннан басқасынан төртеуінің жалпы ішкі өнімін қосқанда 81 миллиард АҚШ доллары. Бір Қазақстанның өзінде 230 миллиард АҚШ доллары. Бұл экономикалық дамудың нағыз ұлы жетістігі.

Рахман Алшанов, ҚР Жоғары оқы орындары қоғамдастығының төрағасы:

Еліміз дамудың жаңа сатысына көтеріліп отыр. Сондықтан Президентіміз ұсынған реформалар өте орынды. Жоғары оқу орындары оларды толығымен қолдайды. Елбасы белгілеген міндеттер студенттерге және олардың алдағы уақыттағы кәсіптерінде үлкен қолдау болмақ. Бәсекеге қабілетті болу үшін жаңа технологияларды, инновацияны меңгеру қажет. Сондықтан Елбасы белгілеген айқын жол өте маңызды. Осы  реформаларды жүзеге асыруға белсенді қатысамыз.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА