Беларусь Еуропа үшін Еуразиялық
экономикалық одаққа ашылған қақпа. Халыққа және Парламентке жолдауы кезінде ел
Президенті Александр Лукашенко осылай деді. Бұл туралы Рейтерс хбарлайды. Осы
орайда Белорусь Еуропалық одақпен қарым-қатынасты нығайтып, жаңа белеске шығу
қадамдарына бармақ. Лукашенко Еуропадағы шиеленіске қарамастан интеграция
идеясы өзекті екенін айтты. Оған қоса, Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуалға
байланысты Ресей, Еуропалық одақ және Қытай үшін Беларусь аумағының маңыздылығы
арта түсті деп санайды. «Елде тыныштық болғаны керек», - деген Лукашенко осы
мақсатта Еуроодақпен қарқынды диалог жүріп жатқанын жеткізді.
Александр Лукашенко,
Беларусь Президенті:
Күрделі саяси қарым-қатынасқа
қарамастан Еуроодақ Беларусь үшін, негізгі сауда- экономикалық серіктесі және
несие мен инвестиция көзі болып қалады. Қайшылықтарға қарамастан біз еуропалық
бизнеске қысым көрсетіп, кедергі жасаған емеспіз.
Мөлдір ДЮСЕКИНА