Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Непалда апаттан қаза болғандар саны 6 мың адамға жетті

AstanaTV
30.04.2015ж. 13:00
1122
Непалда апаттан қаза болғандар саны 6 мың адамға жетті

Непалда апаттан қаза болғандар саны алты мың адамға жетті. Бұл туралы елдің премьер-министрі Бам Дев Гаутамға сілтеме жасап Рейтерс хабарлайды. 11 мыңнан артық адам жарақаттанды. Жергілікті халық гуманитарлық көмек өтетін кейбір жолдарды бөгеп жатыр. Олардың айтуынша, шет мемлекеттерден келіп жатқан гуманитралық жүк тұрғындардың қолына тимей отыр. Азық-түлік пен киім-кешек тиеген көліктер мұқтаж халықтың жанынан өтіп кетсе керек.

Ал ел астанасы Катмандуға көшірілген халық - үйлеріне жете алмағандарына шағымдануда. Олардың айтуынша, автобус жеткіліксіз. Непал билігі гуманитарлық көмекті жеткізуде қиындықтардың барын мойындап отыр. Өйткені елде бұған дейін мұндай жайт болмаған. БҰҰ есебінше, Непалға қайғылы жағдайдан кейін қираған аймақтарын қалпына келтіру үшін 400 млн доллардай қаржы керек. Бүгінде жергілікті тұрғындар ауыз суға, азық-түлікке, дәрі-дәрмек және баспанаға мұқтаж. Бұған дейін Непалда 17 қазақстандық азаматтың қалғанын хабарлаған едік. Жеті отандасымыз Ресейдің Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметінің арнайы рейсімен Мәскеуге жеткізілді. Сонымен қатар Ресей құтқарушылары Өзбекстан, Латвия, Израиль, Тәжікстан және Украина азаматтарын апат аймағынан алып шықты.

Айгүл ӘДЕПБАЙ





  

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық