Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ұлы Отан соғысының ардагерлері ардақталды

AstanaTV
30.04.2015ж. 20:00
1699
Ұлы Отан соғысының ардагерлері ардақталды

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Астана қаласындағы №4 емханада мерекелік іс-шара өтті. Оған Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері арнайы шақырылды. Айта өтейік, ардагерлер аталмыш медициналық мекеме қызметкерлерінің мейірімділігін 2014 жылдың наурызынан бастап көріп келеді. Дәл осы кезде емхана төңірегінде ардагерлерге арналған бөлімше ашылған болатын. Бүгіні таңда мұнда 210 қарт майдангер мен 2500-ден астам Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген жан ем алып жүр.

Жан жылуы - ардагерлерге! Бұл емхана қызметкерлерінің ұраны. Бүгін олар демеушілермен бірлесе отырып, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арнап осындай мерекелік кеш ұйымдастырды. Айта өтейік, бөлімшеде 3 білікті дәрігер маман еңбектенуде. Олар биылға бекітілген арнайы жоспар бойынша, ардагерлерді кешенді тексерістен өткізіп, денсаулық жағдайына байланысты қарт жауынгерлерді емдеу-сауықтыру орындарына жіберумен айналысып келеді. Осы күнге дейін 2890 адамды  толық кешенді тексерістен өткіздік дейді.

Нұргүл Касенбаева, №4 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі:

Бүгінгі таңда 210 Ұлы Отан соғысының ардагерлері бізде әртүрлі ем алып, біздің қарамағымызда. Бұл өмірдің бейнетін көрген адамдарға қызмет жасау - біз үшін үлкен мәртебе.

Кепілдендірілген көмек бойынша ардагерлерге тегін дәрі-дәрмектер беріледі. Жүріп-тұруға жағдайы жоқ науқастар да назардан тыс қалмайды. Дәрі-дәрмекті әлеуметтік қызметкерлер жеткізіп отырады. Дәрігерлердің айтуларынша, науқастары  көбінесе  жүрек-қан тамыр жүйесі, гипертония, қант диабеті сынды ауруларға көптеп шалдығады.

Сәбит Әбдірайымов, Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Біздің жылдағы денсаулық сақтау басқармасы өзімізге қарасты медициналық мекемелермен әсіресе 4 емханамен бірлесе отырып, біздің соғыс, тыл ардагерлерін құттықтау біздің жылдағы дәстүрге айналған. Соғысқа қатысқан ұлы ардагерлерімізді, тылда қатысқан барлық ардагерлеріміздің басын қосып, оларға жақсы лебіздер айтылып, концерттік бағдарламалар көрсетіліп, ол кісілерге келешекте денсаулық тілеп, сондай үлкен іс-шара өтіп жатыр.

Ұ
лы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі. Сонымен қатар, кәсіпкерлер де өз тарапынан  қол ұшын созып тұрады. Бүгінгі іс-шара да осының бір айғағы. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА