$509.51 €570.6 ₽6.3
×

Жолаушы тасымалдаушы отандық кәсіпкерлер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрауда

AstanaTV
30.04.2015ж. 20:00
1367
Жолаушы тасымалдаушы отандық кәсіпкерлер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрауда

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қарамағындағы жолаушылар тасымалдаушы жеке компаниялар Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрауда. Әлеуметтік бағыттарда жолаушы тасымалымен айналысатын бірнеше компанияға Инвестициялар және даму министрлігі 2,5 млрд теңгеден астам айыппұл салған. Оған мемлекеттік субсидиялардың заң талаптарына сай ұқсатылуын тексерген Есеп комитетінің дерегі негіз болыпты. Алайда кәсіпкерлер палатасының өкілдері екі арада жеке кәсіпкерлер текке жазаланып отырғандығын айтады.

Олег Соваленко, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау департаментінің директоры:

2010, 2011 жылдары бөлінген мемлекеттік субсидияларды заңды түрде жаратқан кәсіпкерлер тығырыққа тіреліп отыр. Арада бірнеше жыл өткеннен кейін ғана Есеп комитеті тиісті мемлекеттік органдардың жұмыс нәтижесінен кінәрат тауып, нәтижесінде кәсіпкерлер банкрот алдында қалды. Заң бұзушылықтар кәсіпкерлердің кінәсынан емес, мемлекеттік органдардың бірігіп жұмыс атқара алмағандығынан, заң олқылығынан орын алды.

Бар проблема субсидия үлестіруші Республикалық бюджеттік комиссия мен Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің арасындағы түсінспеушіліктен шықты, дейді кәсіпкерлер. Әлеуметтік бағыттардағы билеттерге төмен баға орнатқаны үшін, тасымалдаушының шығындары мемлекеттен субсидия есебінен жабылуы тиіс. Алайда заңға сай 1 қаңтарда берілуі тиіс қаржылай көмек бірнеше айға созылып, көп күттіретін көрінеді. Осылайша, 2010-2012 жылдарға кешуілдетіп түскен қаржылай көмекті Есеп комитеті бюджеттен артығымен алынған субсидия ретінде бағалағанға ұқсайды.

Роман Ботабеков, «Тұран экспресс» жолаушылар компаниясы» ЖШС бас директоры:

Монопольный комитет, АРЕМ, ол приказын скидка жайындағы өте кеш береді. Сонда екі мемлекеттік комитет бір-бірімен сөйлесіп, приорететін анықтау керек. Сонда ғана жолаушылар тасымалы, біздің компаниямда жүздеген адамдар істеп жатыр, қазір шешім дұрыс қабылданбаса, онда көп компаниялар жұмыссыз қалады. Біз заңды қайшы кессек, бізді тартыңдар жауапқа, ал енді қайшы кесілмесе, заңды бұзбасақ, онда жұмыс істеуге жағдай жасаңдар деп отырмын. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ