$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Қарағандыда Жеңістің 70 жылдығына орай екі бірдей шара өтуде

AstanaTV
30.04.2015ж. 20:00
1173
Қарағандыда Жеңістің 70 жылдығына орай екі бірдей шара өтуде

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында соғыс батырларына арналған «Жеңіс тұлғалары» атты ерекше сурет көрмесі ашылды. Онда соғысқа қатысқандар мен тың еңбеккерлерінің бейнелері бар. Жергілікті қылқалам шеберлері жасаған ұзындығы 4 метр монументалды кескіндеме ардагерлер үшін тосын сый болды. Онда Қарағанды облысынан шыққан Кеңес одағының батырлары мен «Даңқ» орденінің иегерлері бейнеленген.

Ал «Жеңіс бейнесі» атты фотокөрме де келушілерді  бей-жай қалдырмады. Жергілікті фотографтар майдангер-қарттарды соғыста қолданған қаруларының фонында суретке түсірген. Фотокөрмеге барлығы 70 портрет ұсынылған. Өз бейнелерін қабырғадан көрген қарттар жастық шақтарын естеріне салған ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Тағылымды шара аймақта он үшінші мамырға дейін жалғаспақ.

Исмаил Галиулин, Отан соғысының ардагері:

Қуанышым қойныма сияр емес. Дән ризамын. Мына техникамен жауға талай соққы бергенім есіме түсті. Біздің экипаж Берлинде осы суреттегі танкпен жеңіске жеткен едік. 70 жылдықты да осы танк қасында суретке түсіп, қарсы алғаныма қауаныштымын.

Әйгерім Рақымжанова:

Мен өте қуаныштымын. Бұл ұрпаққа үлкен тәрбие береді. Жастардың патриоттық сезімін арттырады. 

Айжан ҚУАШ