$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Қазақстанда төрелік палатасы құрылады

AstanaTV
30.04.2015ж. 20:00
1548
Қазақстанда төрелік палатасы құрылады

Қазақстанда төрелік палатасы құрылады. Бұл туралы Мәжілісте «Төрелік туралы» заң жобасын таныстырған Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина хабарлады. Ұйым дауларды шешудің баламалы әдістерін дамытпақ.  Палатаға төрелермен қоса, мүшелік жарна төлейтін азаматтық тұлғалар да мүше бола алады.

Зәуреш Баймолдина,  ҚР Әділет министрінің орынбасары:

Заң жобасының маңызды жаңашылдығы - Қазақстанның төрелік палатасын құру. Ол төрелердің жұмысына жағдай жасайтын коммерциялық емес, өзін-өзі реттейтін ұйым болады. Астанада арбитражды орталық құру керек деген тапсырманы Президент берген болатын. Төрелік палата төрелік шешімдерді ұлттық және халықаралық деңгейге көтереді деген ойдамыз.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, төрелік палатасы мүліктің дауларымен айналысады. Сонымен қатар, мемлекеттік органдармен тіл табыса алмаған заңды және азаматтық тұлғалар ісін қарамақ. Алайда депутаттар бұл артық дейді. Яғни олар мемлекеттік мекемелердің ісімен төрелік палата айналыспау керек дегенді айтты.

Зағипа Балиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Төрелер мемлекеттік мекемелердің ісін қарамауы керек. Екі адам трактор үшін дауласты делік. Олар Жоғарғы сотқа дейін барады. Немесе екі кәсіпкер бір сома үшін келісе алмай қалады. Олар да Жоғарғы сотқа жүгінеді. Егер адамның конституциялық құқықтары бұзылса, онда баруға болады жоғарыға. Ал шаруашылық ұсақ-түйек дауларды шешуді төрелік палатаға беру керек. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ