$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Шетелдік сарапшылар қазақстандықтарды өз көшбасшысын дұрыс таңдауымен құттықтауда

AstanaTV
30.04.2015ж. 20:00
1459
Шетелдік сарапшылар қазақстандықтарды өз көшбасшысын дұрыс таңдауымен құттықтауда

Президент сайлауы қазақстандықтар үшін бейнебір мейрам секілді өтті. Бұл АҚШ-тағы «Джеймстаун» қорының сарапшысы Джейкоб Зеннің пікірі. Ол байқаушы ретінде сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын жасырмады. Ал Ұлыбритания парламентінің бұрынғы өкілі Тони Болдри «ел сеніміне осыншалықты ие болған лидерлер саусақпен санарлық» дейді.

Джейкоб Зенн, «JAMESTOWN FOUNDATION» cарапшысы  /АҚШ/:


Мен өз таңдауын жасауға келген көп халықты көрдім. Астаналықтардың 90 пайызы, ал жалпы Қазақстанның  барлық аймағы сайлауға қатысқанын байқадым. Сайлау  күні өткен түрлі концерттер, флешмобтар сайлау мәдениеті қалыптасқанының айғағы дер едім. Бұл саяси күн қана емес, мерекеге де ұласып жатты. Мұндайды көп елдерден байқай бермейсіз.

Тони Болдри. Ұлыбритания парламентінің экс-мүшесі:

Қазір көптеген адамдар президент Назарбаевты айқын жеңісімен құттықтағысы келетініне сенімдімін. Менің ойымша, әлемде өз халқының осыншалық сеніміне ие болған көшбасшы өте аз. Жуырда әйгілі британдық зерттеу компанияларының бірі IPSOS Mori Poll Қазақстан Президентінің рейтингі  90 пайыздан асатынын көрсетті. Мұндай нәтиже Қазақстанда тұрақтылықтың сақталатынын көрсетеді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА