Бүгін
Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген
отырысы өтеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Еске салайық,
26 сәуірде өткен Президент сайлауынан соң 30 сәуірде Мемлекет басшысы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің құрамын бекіткен болатын. Нұрсұлтан Назарбаев қол
қойған кезекті Жарлыққа сай бүкіл министрлер өз орындарын сақтап қалды.
Базаргүл
ОТЫНШИЕВА