$517.16 €588.48 ₽6.23
×

Венада ОПЕК елдеріне мүше 13 елдің энергетика министрлерінің кездесуі басталды

AstanaTV
02.06.2016ж. 20:00
1428
Венада ОПЕК елдеріне мүше 13 елдің энергетика министрлерінің кездесуі басталды

Венада ОПЕК елдеріне мүше 13 елдің энергетика министрлерінің кездесуі басталды. Олар барша әлемді мазалап отырған мұнай өндірісінің көлемін қысқару мәселесін талқылайды. Саммит басталардан бір күн бұрын «The Wall Street Journal», Сауд Арабиясы өндірісте белгілі бір мәмілеге келуге келісті, деп жазды. Өйткені Дохада бұған дейін өткен кездесуде тараптар арабтардың келіспегенінен ортақ шешімге келе алмаған еді.

Нигерия, Катар, Алжир және Венесуэла мұнай өндірісін азайтуды қолдап отыр. Бірақ енді Біріккен Араб Әмірліктері қарсылық таныта бастады. Иранның позициясы белгілі. Тегеран мұнайдың өндірісін арттырмаса, кеміткісі жоқ. Бұл жолы да Иран мұнай министрі Биджан Намдар Зангане мұнай ауқымын күніне 4,8 млн баррельге ұлғайтуға мүдделі екендерін жеткізді. Ал Ирак маусым айында қара алтын экспортын тәулігіне 3,5 млн баррельден 5 млн баррельге жеткіземіз деп отыр. ОПЕК ұйымы елдері отырысының алдында Brent маркасының баррелі 49 доллардан асты. Ал ертең бағаның қандай болатынын сарапшылар да болжай алмай отыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ