Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қызылжарда Жеңіс саябағы жаңарып жатыр

AstanaTV
04.05.2015ж. 10:00
1273
 Қызылжарда Жеңіс саябағы жаңарып жатыр

9-шы мамыр мерекесі қарсаңында, Қызылжардағы Жеңіс саябағы жаңаланбақ. Жаңғыртудан өтіп жатқан бұрыңғы тынығу мекенінде қазір жұмыс қызып тұр. Жаңадан қаланған 10 метрлік қақпа толығымен дайын. Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысынан аттанған 66 майдангердің аты жазылған, алып тақта тұрғызылды. Тізімге Кеңес Одағының батырлары мен Даңқ орденінің иегерлері де кірген. Ал кіреберіске биіктігі екі метрге жететін «сарбаздың» темір мүсіні орнатылыпты. Жалпы, Жеңіс саябағында күрделі жөндеу жұмыстары былтырғы жылдың күзінде басталған болатын. Қала билігі мамырдың алтысында жаңа кейіптегі саябақты салтанатты түрде ашуды жоспарлап отыр.

Светалана Брютова, мүсінші:

Мен кіреберістегі сарбазды Евгения  Вучетичтің шығармасынан алдым. Ал негізгі бөлігі өзімнің ойлап тапқаным. Мәселен, түзу кескіндерді көбірек қосуды жөн көрдім. Сол себепті азат етуші сарбаздың кейпі сұсты көрінеді.

Абзал ҚҰРМАНКИН