$460.79 €490.51 ₽6.02
×

Әлем халықтарының өкілдері бір шаңырақ аясында

AstanaTV
04.05.2015ж. 10:00
915
Әлем халықтарының өкілдері бір  шаңырақ аясында

Әлемдегі барлық ұлттың өкілі, Шымкентте бір шаңыраққа сыйып тұр. 76 жастағы зейнеткер ұстаз Паулина Бренердің пәтерінде дүниежүзі халықтарының қуыршақ бейнелері қоныстанған.

Паулина Бренер, зейнеткер:

Қуыршақтарын таныстырып тұр. Очень красивая, я очень дорожу  этой куколкой, потому что она очень редкая. Я вот в Голландии была, в Бельгии, нигде не видела кукол в таких национальных костюмах.

Жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілі, коллекционердің қабырға жиһазынан орын алыпты. Мұнда ТМД елдерінің барлық тұрғынын табуға болады. Испания, Франция, Англия, Аргентина, Бразилия, Үндістан елдерінің мәдениетінен сыр шертер қуыршақтар да бар. Тіпті Гавай аралының тұрғындары да осында. Бұрынғы мұғалімнің коллекциясындағы қуыршақтардың дені пластамасса мен  фарфордан жасалған. Кейбірі матадан тігілсе, өсімдік сабақтарынан өрілгендері де бар. Зейнеткер қолы қалт еткенде оларды жуып тазалауды да жаны сүйетінін айтады. Бұл кәдесыйларды демалысқа барған елдерінен өзі сатып алса, көпшілігін дүниенің әр түкпірінде оқып, жұмыс істеп жүрген бұрынғы шәкірттері сыйға жіберіпті.  Зейнеткер бұл әуестігін 15 жылдан бері жалғастырып келеді.

Паулина Бренер, зейнеткер:

Қуыршақтарды жинауға деген қызығушылығым Голландияда маған мына қос қуыршақты сыйлағаннан  басталды. Неге барлық ұлттың костюмі кигізілген қуыршақтарды жинамасқа деген ой келді. Балалық шағым соғыс жылдарына тура келгендіктен жөні түзу қуыршағым да болмады. Қолдан жасап ойнаушы едік. Ал қазір қуыршақтарыма  қарасам жаным жадырайды.Түпкі ойым  Қазақстандағы көп ұлттар секілді, менің  пәтерімді де көп ұлттың қуыршағы мекендесе екен деймін.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ 





orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах