АҚШ
Конгресінің Қарулану бойынша комитеті Украинадағы жасақтарға қарсы күреске
әскери ұшақтарды жеткізуге 200 млн доллар бөлуді қолдады. Киевке созылған көмек
қолынан басқа, бұл құжатта Гуантанамо түрмесіне жүздеген миллион доллар мен
Ирак әскерилерінің оқу-жаттығу жұмыстарына қаржылай көмек қарастырылған. Бұл
бағыттарға Құрама штаттар бас-аяғы 600 млн доллардан астам ақша бөлді. Рейтерстің
хабарлауынша, Киевке көмек жайындағы бастаманы алпыс конгресмен қолдап, екеуі
қарсы шығыпты. Алайда Барак Обама да қарумен көмектесуге қарсы. Жақында
конгресс сондай-ақ қауіпсіздікке қарастырылған 2016 жылдың бюджетін қосымша 40
млрд долларға ұлғайтты. Есесіне Вашингтон елдің әлеуметтік шығындарын
қысқартты. Алдағы аптада сенат соңғы 10 жыл бойы мемлекет жұмсаған қаржыны 5
триллион долларға ықшамдауды жоспарлап отыр.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ