Жаркентте полиция қызметкерлері жол жүрісі қағидалары мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған үйлену тойы кортежінің қатысушыларын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Анықталғандай, мерекелік іс-шара барысында бірнеше автокөлік жүргізушісі жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретін қауіпті маневрлер жасаған. Сонымен қатар көліктердің біріне тиісті рұқсатсыз арнайы дыбыс сигналын беретін құрылғы орнатылған. Кортеждің жекелеген қатысушылары тыныштықты бұзғаны үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды. Полиция қоғамдық тәртіп пен жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзудың кез келген дерегі назардан тыс қалмайтынын ескертеді. Тәртіп – заң талаптарын сақтаудан және айналадағы адамдарға құрметпен қараудан басталады. Мерекелік іс-шаралар азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіруге немесе белгіленген талаптарды елемеуге себеп болмауы тиіс. Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.