$458.48 €534.68 ₽5.43
×

Ақмола облысында полицейлер есірткі зертханасының қызметін тоқтатты

Ақмола облысында полицейлер есірткі зертханасының қызметін тоқтатты
Polisia.kz

Ақмола облысында полицейлер есірткі зертханасының қызметін тоқтатты.

Ақмола облысының Целиноград ауданында полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі өндірісі бойынша жасырын зертхананың қызметін тоқтатты. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде заңсыз айналымнан 500 грамнан астам дайын зат, прекурсорлар мен жабдықтар тәркіленді. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз өндірісті ұйымдастыруға қатысы бар адамдарды анықтады, сондай-ақ синтетикалық есірткі дайындау жүзеге асырылған орын табылды.  17 тамызда полицейлер қажетті жедел іс-шаралар өткізіп, зертхананың жұмысын тоқтатты. Тінту барысында 500 грамнан астам дайын зат, химиялық прекурсорлар, жабдықтар және есірткі дайындау үшін пайдаланылған басқа заттар табылды.  Есірткі зертханасын ұйымдастыруға қатысы бар адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.