$488.11 €530.09 ₽5.01
×

Бүгін түлектер үшін ҰБТ басталды

AstanaTV
02.06.2016ж. 20:00
1660
Бүгін  түлектер үшін ҰБТ басталды

Елімізде түлектер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу науқаны басталды. Білім және ғылым министрлігінің ақпарына қарағанда, биыл мектеп қабырғасын 121 092 оқушы тәмамдаса, соның 86 991-і тесттен өтуге өтініш білдірген. Әзірге сынақтың алғашқы күні қалыпты жағайда өтіп отыр. Биылғы тестілеуді министр Ерлан Сағадиев Алматы түлектерімен бірге бастады. Бас мұғалім сынақ тапсыруға арналған аудиторияларды өзі тексеріп шықты.

Әдеттегідей емес, биыл тәртіп сақшылары талапкерлерді бастан-аяқ тінтіп тұрған жоқ. Сондықтан болар, балалардың да, ата-аналардың да арасында шу шығарып, байлам салғандары болмады. Есесіне, білім министрлігі биыл тексеру құрылғыларының қауқарын қатаңдатқан көрінеді.

Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

Біздер бүгін ДВД-ның жұмысшылары балаларды тексерген жоқ. Неге десеңіздер, металлоискательмен жабдықталған бүкіл оқу орындары. Сондықтан ешқандай эксцесс болған жоқ. 

Биыл мектеп қабырғасын 121 мың оқушы тәмамдаса, тесттен өтуге соның 87 мыңы өтініш білдірген. Білім және ғылым министрлігінің дерегені қарағанда, сынақ арнайы жабдықталған 165 пунктте өтеді. Оның 115-і аудан орталықтарындағы мектеп ғимараттары болса, 50-і ЖОО-ның аудиториялары. Биылғы тестілеу - министр Ерлан Сағадиев үшін алғашқы сынақ. Сондықтан бас мұғалім түлегі ең көп аймақ  - Алматыда жүр. Онда биыл 5 768 бітірсе, оның 200-ден астамы «Алтын белгіге" үміткерлер екен.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

Әр ата-ананың арманы, ең жоғарғы мақсаты - мына балаларымыз білімді болып, мына білімнің арқасында, ғылымның арқасында азамат болып, елге аттары шықсын деп. Одан бақа армандары жоқ. Оны түсініп жатырмыз, бар жағдайын жасаймыз.

Бәрінен де бұл күні ата-ана қауымының қатты қобалжитыны бар. Сыртта тағатсыздана күткендерге аудиториядан тікелей онлайн режимінде байланыс қосылып тұрды. 

Ботагөз Байжұманова, ата-ана:

Бұрын білдіртпеген, бүгін таңертең қобалжып шықты қызым. Өзім де уайымдадым. ЕНТ-ны дұрыс деп ойламаймын өзім. Енді балалардың психологиясын бұзады. Балалар таңертең нервный солай кірді. Бірақ бұл жерде айғай-шу болған жоқ бұрынғыдай. Жақсы барлығы дұрыс кіргізілді. Тексеріс іште болмаса, мына жерде ешкім тексерген жоқ.

Ақмарал Наштаева - астаналық түлектің бірі. Бүгін текст тапсырмаса да, ол сынақ барысын бақылай келген. Әрі сынықтастарына қолдау көрсетіп тұрған жайы бар. 

Ақмарал Наштаева, мектеп түлегі:

6-сы күні мен тапсырамын. Оған кішкене дайындық ретінде. Не болады? Қалай тапсырады? Қалай тексереді? Соның барлығын көру үшін келдім. Әрине, мен қорқып тұрмын. Қатал деп айтып жатыр. Бірақ та қатал болғанымен, өз білімімізбен тапсырамыз деп ойлаймын.

Павлодар облысында да тестілеу науқаны ың-шыңсыз өтіп жатыр. Мұнда биыл 3 604 бала мектеп бітірсе, оның 947-сі мемлекеттік емтиханды таңдаған екен. Іштен шыққандарды сырттағылар қол соғып, үлкен қошеметпен қарсы алып жатты.

Тестілеу науқаны 10-шы маусымға дейінгі жалғасады. Негізгі меже 50 баллды жинай алмағандарға екінші мүмкіндік берілген. Яғни олардың ақылы түрде сынақтан қайта өтуіне болады. Бұл балаларға қысымды азайту үшін жасалған іс. Ал бұған дейін министр дәстүрлі тест биыл соңғы рет өтетінін жариялаған болатын.

Құралай ПИОНЕР, Берік ХАСЕНОВ, Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ