Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қостанайда «Нұр Отан» партиясы жағдайы төмен отбасына көмектесті

AstanaTV
02.06.2016ж. 20:00
2698
Қостанайда «Нұр Отан» партиясы жағдайы төмен отбасына көмектесті

«Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалының өкілдері жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созуды дәстүрге айналдырған. Сәбилерін мемлекеттік балабақшаға орналастыру үшін көмек сұрап, партияның жергілікті филиалына хабарласқан тұрғындардың бірінің мәселесі қазір нақты шешімін тапты. Нұротандықтар  әйелдің өзін жұмысқа, ал сәбилерді бақшаға орналастыруға уәде берді. Сондай-ақ, балғындарға киім-кешек пен азық-түлік алып берді. Нұротандықтардың көмегі мұнымен шектелмейді. Жыл басынан бері партияның Қостанай облыстық филиалы 30-дан астам әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсеткен.

Ботагөз Жиенәлина - үш баланың анасы. Отбасында тек ері ғана жұмыс істейді. Ал екі жарым жасар егіз сәбилерінің балабақша кезегі жақындар емес. Сондықтан Ботагөз үйде отырып, жұмыс іздеуге мәжбүр.

Ботагөз Жиенәлина, Қостанай қаласының тұрғыны:

Мемлекеттік балабақшаға өте алмадық біз мынау мамыр айында. Сол менің сұрағым, сізге мені тамыз айында өткізіп, орналастырып беруін сұраймын.

Отбасылық мәселе бойынша Ботагөз Жиеналиева «Нұр Отан» партиясынан көмек сұрады. Партия мүшелері Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдерімен бірлесіп, бұл жанұяға балаларға арналған киім-кешек пен азық-түлік алып берді. Ал сәбилер балабақшаға  орналастырылатын болды. Ал келіншекті жұмыспен қамту жайы да назардан тыс қалмайды.

Алпыс Қожахметов, Қостанай облысы әкімдігі «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары:

Алдағы уақытта жұмысқа орналастыру және де үйінде 3 баласы бар екен. Сол үш баланы мемлекеттік балабақшаға орналастыру мәселесін шешуге көмек көрсетуге «Нұр Отан» партиясының атынан, біздің тарапымыздан жұмысқа орналастыру мәселесін шешуіміз қажет. Қолдан келгенше, көмекті көрсетеміз.

Абылайхан Кәкенов, «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық  филиалы саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі:

Балабақша мәселесі байқалған болатын. Осы мәселені шешу, әрине, өзекті мәселелердің бірі. Осы мәселені шешу біздің қоғамдық қабылдауымыз арқылы жүргізілетін болады. Жақын арада облыстық білім беру басқармасының қабылдауы өтеді. Соған мінеки осы азаматымыз жазып, осы мәселені шешеміз.

Ботагөз «Нұр Отан» партиясының көмегімен азаматтардың қоғамдық қабылдауына шақырылды. Осылайша оның мәселесі шешімін табатын болды. Айта кетейік, жыл басынан бері "Нұр Отан" партиясының Қостанай облыстық филиалы 30-дан астам әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті. Ал соңғы екі күннің ішінде тағы тұрмысы төмен 6 отбасы партия өкілдерінің қолдауына жүгінді. Олардың бірқатар түйткілді мәселелері шешімін тауып,  психологиялық және құқықтық тұрғыдан да жәрдем көрсетілетін болды. 
  
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ