$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Атырауда ауыз суға қосылатын хлор мөлшері көбейтілді

AstanaTV
15.05.2015ж. 13:00
2610
Атырауда ауыз суға қосылатын хлор мөлшері көбейтілді

Атырауда толассыз жауыннан кейін жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін ауыз суды залалсыздандыру жұмыстары қолға алынды. Ол үшін суға қосылатын хлор мөлшері көбейтілді. Бұрын 1 литр су үшін 0,8- мг-ға дейін хлор қалдығы қосылса, енді 1,2 мг қосуға ұсыныс берілген.

Өмірзақ Зинуллин, Атырау облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы:

«Атырау су арнасы» мекемесіне осы ауыз суды хлорлау мәселесін қатаң қадағалауды тапсырдық. Қызметтік хат жолданды және ауыз судағы хлор қалдығын 1,2 мг деңгейге көтеру туралы ұсыныс берілді. Бұрынғы қалыпты жағдайдағы норма 0,3-0,8 мг болатын болса 1,2 ге дейін көтеру жөнінде. Мұндай шаралар су келген паводка кезінде, сол кезде де осындай жасалады.

Облыстың бас санитарлық дәрігері, электр энергиясы мен ауыз су болмаған жағдайда тағамдарды шығаратын өндірістерді уақытша тоқтатуға пәрмен берген. Аталған департамент қазір ауыз судың сапасына сәт сайын мониторинг жүргізіліп отырғандарын мәлімдеді. Судың бактериологиялық, микробиологиялық және химиялық көрсеткіштері бақылануда. Бүгінде облыстағы және қаладағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты,- дейді Өмірзақ Зинуллин. Айта кетейік, 11-мамыр түні жауған толассыз нөсер салдарынан жүздеген адамның баспанасын су кіріп, 500-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Дегенмен, қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Күні бүгінге дейін, баспаналардан 23 мың текше метр су шығарылыпты. Арнайы комиссия шығын мөлшерін есептеп жатыр. Ал аймақ басшысы тұрғындарға, жаңа баспана берілмейтінін ашып айтқан еді.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ