$530.24 €543.97 ₽5.16
×

Қытайда толассыз жаңбыр салдарынан миллионнан астам адам зардап шекті

AstanaTV
21.05.2015ж. 13:00
961
Қытайда толассыз жаңбыр салдарынан миллионнан астам адам зардап шекті

Қытайдың шығыс, оңтүстік және орталық аудандарында толассыз жаңбыр салдарынан миллионнан астам адам зардап шекті. 15 адам қаза тауып, тағы жеті адам із-түзсіз жоғалғандар санатында,- деп хабарлайды ТАСС. Жанар-жағармай стансасы құлап, Хунань провинциясында екі адам қаза тапты. 2 мыңға жуық жергілікті тұрғын қауіпсіз жерлерге көшірілді. Цзянси провинциясында сегіз адам ажал құшты, 65 мың адам қауіпсіз аймаққа шығарылды. 1655 үй қираған. Провинцияның тікелей экономикалық шығыны  73 млн долларды құрады. Ганьчжоу қаласында 220 мыңға жуық үй электр жарығынсыз қалды. Гуанси-Чжуан автономды өлкесінде бес адам көз жұмды, алты тұрғын із-түзсіз жоғалды. Ал,Гуандун провинциясының әкімшілік орталығында халықаралық әуежай найзағай салдарынан 360-тан астам әуе рейсін өзгертуге мәжбүр болды. Синоптиктердің болжауынша, ауа-райының қолайсыздығы жұмаға дейін сақталады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА