Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Каспий теңізінде ирандық кемені құтқару жалғасуда

AstanaTV
10.12.2015ж. 20:00
1037
Каспий теңізінде ирандық кемені құтқару жалғасуда

Каспий теңізіндегі «Құрық» портының маңында ирандық құрғақ жүк таситын кемені құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Алып кеме қараша айында қайраңға тұрып қалған болатын. Ал таяуда дауылдың салдарынан ол мүлде бір жағына қисайып құлаған. Алғашында кеменің иесі өз күшімен құтқаруға тырысқанымен, одан еш пайда болмаған. Ақыры ол қазақстандық компанияға жүгінуге мәжбүр болған.

Отандық мамандар ең бірінші кемедегі 800 тонна жүкті және жеңіл көліктерді түсіріп алып, құтқаруға кіріскен. Қазір арнайы операцияға екі сүйреуіш, 1 баржа және 8 адам жұмылдырылған. Кемені толық теңізге шығару үшін, мамандар, әлі екі аптадай уақыт керек, деп отыр.

Қуаныш Есетов, «Казмортрансфлот» компаниясы бас директорының кеңесшісі:

Ары қарай суасты жұмыстары жүргізіледі. Өйткені кеменің ішінде су толып қалған. Сондықтан сүңгуірлердің көмегімен кемені жөндеп, содан кейін кемені көтеретін боламыз.