$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Қазақтан ЕАЭО елдері арасында экономикалық көрсеткіштер бойынша жетекші елге айналуы мүмкін

AstanaTV
19.11.2015ж. 20:00
1334
Қазақтан ЕАЭО елдері арасында экономикалық көрсеткіштер бойынша жетекші елге айналуы мүмкін

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында экономикалық көрсеткіштер бойынша көшбасшы елге айналуы мүмкін. Ресей Халықаралық істер жөніндегі Федерация кеңесінің өкілі Владимир Джабаров осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы НСН порталы хабарлайды.

Ресейлік «сенатордың» сөзінше, Қазақстан табиғи байлығын тиімді пайдаланып отыр. Портал Legatum Institute жасаған рейтингті мысалға келтіреді. Онда Қазақстан бақуаттылық көрсеткіші бойынша одақтас елдерден асып түсіп, 56-шы орыннан көрінді. Жыл қорытындысы бойынша Беларусь 10 позицияға төмендеп, 63-ші орынға табан тіреді. Украина  63-тен 70-ші орынға түсті. Ал Ресей, керісінше, өз позициясын 10 сатыға нығайтып, 58-ші орынға шыққан.

Владимир Джабаров, РФ Халықаралық істер жөніндегі Федерация кеңесі комитеті төрағасының орынбасары:

«Қазақстанда экономика либералды түрде тиімді жұмыс істеп жатыр. Қазақстан - біздің Еуразиялық одақтағы ең жақын серіктесіміз. Біздің бірінші болғымыз келетіні түсінікті, бірақ серіктестердің үлгі болғаны да жаман емес. Қалай болғанда да, мұны қабылдауымыз керек. Қазақстанға Қытай мен батыстан көптеп инвестиция келіп жатыр. Егер Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақта флагман елге айналса, бұл тек қуантарлық жәйт».

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ