Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматы оқушылары жарық шағылыстыратын білезіктерді сыйға алды

AstanaTV
24.11.2015ж. 20:00
1713
Алматы оқушылары жарық шағылыстыратын білезіктерді сыйға алды

Алматыда жыл басынан бері  балалардың қатысуымен 848 жол көлік апаты тіркелген. Олардың бесеуі мерт болып, қалғандары жарақат халған. Бұл көрсеткішке алаңдаған тәртіп сақшылары оқушылардың қауіпсіздігін күшейтті. Бірнеше мектептің бастауыш сынып оқушыларына жарық шағылыстыратын білезіктердің мыңнан аса жиынтығын үлестірді. Бұл жол оқиғасының алдын ала ала ма? Айгүл Ермахан тиімділігін байқап қайтты.

2 сынып оқушысы Зарина жолда жүру ережесін жақсы біледі. Өйткені ол оқитын мектепте жолда жүру ережесін егжей-тегжейлі таныстыратын арнайы бұрыш бар. Енді ол тәртіп сақшыларынан сыйға алған жарық шағылыстыратын білезіктің көмегімен жолдан қараңғыда да өте алатынына сенімді.

Зарина Сарбасова, 2 сынып оқушысы:

Бізге мынадай жылтырақ білезік тақты, бізге ол пайдалы. Кеш болғанда, үйге қайтқанда, жүргізуші жылтырақ білезіктерімізді көріп тоқтайды. Мысалы, былай көрсетеміз. Сол кезде жүргізушілер тоқтайды.

Шолпан Ыдырысова, Алматы қаласындағы №180 жалпы білім беретін мектеп директорының орынбасары:

Полиция қызметкерлерінің бізге түсіндіріп әкеліп берген білезіктері оқушыларға жақсы пайдалы болды. Өйткені ол, біріншіден, жеңіл киімнің де, қазіргі кезде қалың куртканың сыртынан да киюге болады. Жасаған білезіктер балалардың ойыншықтары сияқты сызғыш ретінде жасалған, балалар қызығып та қолданады.

Қазір қала бойынша білезіктердің мыңнан аса жиынтығы тек бастауыш сыныптарға таратылды. Алдағы күндері жоғары сынып оқушыларын да қамту жоспарланып отыр.

Жандос Мұратәлиев, Алматы қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:

Балалар енді жарақат алып қайтыс болғандарды алатын болсақ, былтыр 10 адам қайтыс болды. Биыл 5 қайтыс болды. Оның өзі Алматы қаласына көп деп ойлаймыз. Себебі біз енді дамып келе жатқан мемлекетпіз. 17 млн халық бар,  әр баланың артында ата-анасы, бауырлары бар.

Айгүл Ермахан, тілші:

Бұл жарық шағылыстыратын білезік қазіргі күн қысқарған қысқы уақытта таптырмайтын құрал. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қолға тағып пайдалансаңыз, жаяу жүргіншіні қағып кету қаупін 100 пайызға азайтады. Мысалы, қолыңызға тағып, кешкі уақытта жолдан өтетін болсаңыз, жарық шағылыстырғыш күші көліктің жақын жарық шамдарымен жүргенінде 140 метрге дейін,  ал қозғалыс кезінде алыс жарық шамдарымен  500 метрге дейін жететін қауқары бар.

Айгүл ЕРМАХАН