Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Павел Кулагин тағы аудан әкімі болды

AstanaTV
24.11.2015ж. 20:00
1209
Павел Кулагин тағы аудан әкімі болды

Астана әкімі бүгін екі бірдей аудан әкімін таныстырды. Алматы ауданының әкімі болып Ермағанбет Бөлекбаев, ал Сарыарқа ауданы әкімі лауазымына Павел Кулагин тағайындалды. Екеуінің де кандидатурасын мәслихат депутататтары қолдады. Ақмола облысы әкімінің ұлы, яғни кіші Кулагин Астана қалалық әкімдігінде бұрын жұмыс істеген. 2013-жылы 26 жасында ол Алматы ауданын басқарған. Сол жылы Павел Кулагин мемлекеттік сынақтан сүрініп, «А» корпусына өтпей қалған. Ал Ермағанбет Бөлекбаев бұған дейін Астана қаласы тәртіптік кеңесінінің төрағасы болып қызмет еткен.