$440.86 €500.77 ₽5.27

Ауғанстанда жер сілкінді

01.10.2026ж. 13:00
Ауғанстанда жер сілкінді
Фото: Depositphotos.com

Ауғанстан аумағында 1 қазан күні таңертең 5,8 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды AstanaTV.

Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының жедел мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 06:29–да (Гринвич уақытымен 01:29–да) болған.

Оның эпицентрі 36,46° солтүстік ендік пен 68,51° шығыс бойлықта орналасқан. Жер сілкінісі 18 шақырым тереңдікте тіркеліп, энергетикалық класы K=13,2, магнитудасы 5,8 деп бағаланды.