Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Дәрісхана «Ғылым: жай қиындық туралы» жаңа білім беру жобасының тұсаукесері өтті

AstanaTV
25.11.2015ж. 20:00
1338
«Дәрісхана «Ғылым: жай қиындық туралы» жаңа білім беру жобасының тұсаукесері өтті

«Нұр Отан» партиясының баспасөз орталығында «Дәрісхана «Ғылым: жай қиындық туралы» жаңа білім беру жобасының тұсаукесері өтті. Жобаға қазақстандық, шетелдік ғалымдар, сарапшылар мен зерттеушілер қатысып, қоғамды алаңдатып отырған тақырыптар бойынша дәрістер оқиды. Мақсат - күрделі құбылыстарды мейілінше қарапайым әрі халыққа түсінікті етіп жеткізу. Әрбір қазақстандық бұл лекцияларға қатысу мүмкіндігіне ие.

Талқыланатын тақырыптардың ауқымы кең. Экономика мен саясаттан бастап, психология мен кибернетика мәселелеріне дейін. Айта өтейік, дәрістер  айына 2 рет әр бейсенбі күндері «Astana Mall» ойын - сауық орталығының Coworking office Multispace Astana алаңында өтеді.  Алғашқы дәріс «Ұлттық банк пен теңгеден не күтуге болады?» тақырыбында ертең кешкі сағат  20:00-де өтеді.

Евгений Кочетов, жоба авторы, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің магистрі:

Ғалымдар, Мәскеу университетініңі үздік оқытушылары келіп, көптеген мәселелерді қарапайым тілмен егжей-тегжейлі түсіндіретін болды. Жоба қатысушылары дәрістерде өздерінің қызықтырып жүрген өзекті сұрақтарын қойып, ғылыми базасы бар нақты ұсынымдарымен танысу мүмкіндігіне ие болады.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА