Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Астанада пайдалы тағам жәрмеңкесі өтеді

AstanaTV
19.08.2015ж. 20:00
1656
Астанада пайдалы тағам жәрмеңкесі өтеді

Астанада пайдалы тағамдардың жәрмеңкесі өтеді. 23 тамызда Елордадағы бірнеше мейрамхана бірігіп, қала тұрғындары үшін «street food», яғни таза ауадағы дәмді әрі құнарлы тағамдар фестивалін ұйымдастырмақ. Шара барысында шетелден келген атақты аспаздар кәсібінің қыр-сыры бойынша шеберлік сабағын өткізеді.

Балалар үшін түрлі көңілді концерттік іс-шаралар ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Жәрмеңкедегі тағамдардан дәм тату 12 жасқа дейінгі балалар үшін тегін, ал ересектер үшін екі мың теңге. Онда бас аспаздардың тіл үйірер тағамдарын жеп көруден бөлек, үйге базарлық алып қайтуға болады, - дейді ұйымдастырушылар. Жәрмеңкенің басты мақсаты - жергілікті өнімді жарнамалап, дұрыс тамақтану мәдениетін насихаттау.

Ханым Ахметова, «SLOW FOOD» халықаралық табиғи-гастрономиялық ұйымның өкілі:

Фестиваль қандай жақсы тағамдар бар екенін, ол тағамдарды қандай өндірушілер өндіретінін, сіздерге көрсетеді. Астана маңайында, Қазақстанда өндірушілерді жинап, осындай фетиваль өтіп жатқанына мен өте ризамын.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ