Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

KASE-нің таңғы сессиясында доллар 218 теңгеге бекіді

AstanaTV
24.08.2015ж. 20:00
971
KASE-нің таңғы сессиясында доллар 218 теңгеге бекіді

Төл теңгеміздің құны бүгінгі сауда-саттық барысында едәуір көтерілгені байқалды. Қазақстан қор биржасындағы таңғы саудада бір доллар 218 теңгеге түсті. Ал сауда-саттық 238-ден басталған. Осының алдындағы, яғни 21 тамызда болған саудада, доллар бағамы 237,6 теңгені құраған еді.

Еске салайық, 20 тамызда Қазақстанның ұлттық валютасы еркін айналымға түсті. Енді доллар бағамын Ұлттық банк бекітпейді, нарық өзі реттейді. Алғашқы күні "көк қағаз" бағамы 250 теңгеден асып кеткен. Fitch сарапшылары, доллардың қымбаттауы ел экономикасына оң әсер етеді, дейді. Алайда мұнайдың арзандауы әрі Қытай валютасының әлсіреуі бар пайданы жоққа шығаруы мүмкін, деген де пікірлер бар.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ