Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

ЭКСКЛЮЗИВ: Қазақстанда атом энергия стансасына деген қажеттілік әзірге жоқ

AstanaTV
24.08.2015ж. 20:00
1165
ЭКСКЛЮЗИВ: Қазақстанда атом энергия стансасына деген қажеттілік әзірге жоқ

Қазақстанда атом энергия стансасына деген аса бір қажеттілік әзірге жоқ. Бұл Энергетика министрлігіне қарасты комитет төрағасының орынбасары Тимур Жантикиннің пікірі. Оның айтуынша, елімізде станса құрылысы жобасының ұзаққа созылуы да осымен байланысты болуы мүмкін.

Өйткені бүгінге дейін жобаның құрылысын қолға алатын компания тұрмақ, тапсырыс берушінің кім болары да нақтыланбаған көрінеді. Яғни бұған дейін тапсырыс беруші ретінде «ҚазАтом» өнеркәсіп Ұлттық компаниясы аталса, енді жаңа жобаға қатысты жауапкершілік жүгі «Самұрық-Қазынаға» артылуы мүмкін.

Тимур Жантикин, атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

Бізде энергия көзіне деген тапшылық әзірге жоқ. Екібастұз стансасының қуаты сұранысты жауып отыр. Сондықтан да атом энергия станциясы құрылысын уақыт оздырмай бастау керек деу, қисынсыз болар. Қазір энергия көзінің 80 пайызы көмірден өндірілуде. Ол өндірістің қоршаған орта үшін зиянды екендігін де білесіздер. Бәлкім, КИОТО хаттамасына сәйкес экологияға тигізер залалы төменірек энергия көзіне тапшылық туса, станса құрылысы алға басар.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ