Керекуде органикалық қалдықтарды жоятын зауыт салынбайтын болды. Бұл туралы
арнамыздың тілшілеріне облыстық жер қойнауы, қоршаған орта және табиғи
ресурстарды пайдалану басқармасының өкілдері хабарлады.
Анықталғандай, Энергетика министрлігі Павлодар өңірінде зиянды қалдықтарды күйдіретін
кәсіпорын салудан бас тартқан. Бұл жерде облыс тұрғындарының пікірі ескерілді, -
дейді шенеуніктер.
Еске салсақ, маусымның 10-да Павлодарда жаңа жобаны жүзеге
асыру бойынша халықтық тыңдалым өткен. Тұрғындар адам денсаулығына зиянды
өндіріс ошағының құрылысына үзілді-кесілді қарсы болды. Тіпті қоғам
белсенділері қол жинады. Ресми ақпарға сенсек, 100 мыңдай павлодарлық жаңа
жобаның жүзеге асырылуын қаламаған.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ