$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне оралдықтар автошерумен хан ордасына аттанды

AstanaTV
24.08.2015ж. 20:00
2272
Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне оралдықтар автошерумен хан ордасына аттанды

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай батыс қазақстандық бір топ еріктілер автошерумен хан ордасына аттанды. Олар Жайық пен Еділдің арасында Қазақ елінің көк туын желбіретіп, байтақ даланы дүбірлетіп жүріп өтпек. Тарихшылар мен ғалымдар, әнші-жыршылар, журналистер мен блогерлерден құралған топ тарихи орындарға ат басын тірейді. Кезінде Бөкей мен Жәңгірді ақ киізге салып хан көтерген Хан тоғайына, ортағасырлық Жайық қаласының орнына аялдап, жергілікті халықпен кездесулер өткізеді.

Айта кетелік, осы дүбірлі той аясында республикалық ақындар айтысы, ғылыми конференция, театрландырылған көрініс, ұлттық ойындар мен жәрмеңкелер ұйымдастырылады деп күтілуде.  

Жаңабек Жақсығалиев, тарихшы:

1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» деген еңбегінде осы біз бүгін көтеріп отырған мәселе - Керей мен Жәнібектің осы Қазақстанның батыс өңіріне қатысы бар екендігі және сол этнобірлестіктің мынау Астрахань хандығын ығыстырып, мынау Ноғай ордасымен шектесетін аймақта пайда болғандығына Елбасы назар аударады. Қазақтың тарихы, Елбасының сөзімен айтқанда, бірігу тарихы, тұтастану тарихы деп есептейміз.

Еркін КАРИН