$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Бразилияда 10 министрлік жабылады

AstanaTV
25.08.2015ж. 20:00
1054
Бразилияда 10 министрлік жабылады

Ал Бразилияда министрліктер саны қысқармақ. Ел билігі бұрынғы 39 министрліктің тек 29-ы қалуы керек деген ұйғарымға келді. Бұл шенділердің жұмыс сапасын арттыру үшін қолға алынған шара. «Рейтерс» агенттігінің хабарлауынша, бастаманы президент Дилма Русеф көтерген. Ол сондай-ақ, 22 мыңнан астам мемлекеттік қызметкерлердің санын 1 мыңға дейін қысқартуды бұйырды.

Дегенмен әзірге нақты қай министрліктер жабылатыны белгісіз. Осы орайда  Бразилияда үкіметке қарсы наразылық шаралары жиілеп тұр. Елдегі әлеуметтік саясаттың жүргізілуі, жұмыссыздық пен мемлекет қаражатының жұмсалуы халықтың көңілінен шықпай отыр. Сондай-ақ, тұрғындар шенеуніктер тікелей міндеттерін атқармайды деген пікірде. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА