Өскемендегі
дүкен сөрелерінде қант пен күріш жоқтың қасы. Ал қала билігі мен монополияға
қарсы комитет сауда орындарының иелері өзара келісіп алып, тауарды әдейі сатпай
отыр деген болжам айтуда. Сауда нүктелерін аралап шыққан арнайы комиссия
қанттың шынымен де сатылмай жатқанын анықтады, мұны саудагерлер де растайды.
Ал
азық-түлікті көтерме бағамен босататын сауда орындарында қант жеткілікті болып
шықты. Азықтың бұл түрі тіпті бұрынғы бағамен, келісі 155 теңгеден сатылуда.
Мұндағы сатушылар дүкендер мен супермаркеттердің қантты таласа-тармаса сатып
алатынын жеткізді. Осының кесірінен таңертеңнен кезекке тұрып, қат өнімді
қабымен алуға кіріскендер қатары көбейген.
Ал
шаһар билігі жағдайды ушықтырған дүкен иелерінің лицензиясын тартып алып,
айыппұл салатынын айтуда. Осыны ескерткен атқамінерлер, азық-түлік бағасының
заңсыз қымбаттауына жол бермеу үшін, арнайы телефон желісін ашты.
Бұлбұл
Бакинова, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары:
Кешегі
күннен бастап, әр адам сатып алатын қант мөлшері 25 келіден аспауы керек деп
шешілді. Өйткені қантты көптеп сатып алушылар азаяр емес. Ал өзара ауыз
жаласып, мәмілеге келген кәсіпкерлер қант бағасын қымбаттатуды көздеп отыр.
Еркін КАРИН