$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Конституцияның 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара Шымкентте де өтті

AstanaTV
28.08.2015ж. 20:00
3157
Конституцияның 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара Шымкентте де өтті

Конституцияның 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар аймақтарда да өтіп жатыр. Оңтүстікте айтулы мерекені атап өтуге зиялы қауыммен бірге жастар, ұлттық этномәдени орталық өкілдері қатысты.

Ата заң - Қазақстанда тұратын барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің тең құқылы екенін айқындайды. Бұл көпұлтты мемлекет үшін аса маңызды. "Конституция халқымызға сансыз мүмкіндіктер беріп отыр",- деді жиында сөз алған аймақ басшысы. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы», Әз Тәукенің жеті жарғысынан бері дала заңымен үндесіп, адамзат өркениетімен бірге дамып келе жатқан тәуелсіз еліміздің Конституциясы - бейбітшілік пен бірліктің кепілі», - десті жиналғандар.

Ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың еңбегі еленді. Қоғам, мәдениет қайраткерлері, жазушылар мен мұғалімдер, спорт саңлақтары «Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы» медалімен марапатталды.  


Ерлан Айтаханов, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:

Дүниежүзілік ғалымдардың бағасы бойынша, біздің конституциямыз әлемдегі ең үздік конституциялардың қатарына кіреді. Демократиялық принциптер қамтылған. Барлық біздің адамдардың құқығы тең, бірдей. Міне, соның аясында біз көптеген жетістіктерге жетіп отырмыз.

Нұржан Арыстанбекұлы:

Мен ойлаймын, Қазақстандағы барша азаматтар ұлтына қарамастан, нәсіліне қарамастан, елім үшін бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ үшін жасалып жатқан жағдайлар бар. Ал соның бәрін қолға алып жатқан түбінде біздің Ата заңымызда көрсетілген.

Айзада  ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ